31/08/2026
Cool Almaty жобасының зерттеу тобы қаладағы жылу аралдарын зерттеп, қатты қызып кететін негізгі аумақтарды анықтау үшін көпспектрлі спутниктік суреттерге талдау жүргізді. Зерттеу Landsat 8 спутнигі түсірген суреттерді және жер бетінің температурасына (LST – land surface temperature) қатысты талдауларды қарастырды.
Зерттеу нәтижелері «Алматыдағы жылу аралдарын зерттеу» атты аналитикалық жазбаға енгізілді. Зерттеу материалдарын urbanforum.kz сайтынан таба аласыз.
Cool Almaty жобасы Орталық Азиядағы Роза Люксембург қорының өкілдігімен, AlmaU Урбанистика жоғары мектебімен, Алматы қаласын дамыту орталығымен және «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-мен серіктестікте жүзеге асырылады. Жоба Алматының шеткі аудандарына баса назар аудара отырып, климатқа бейімделу бойынша шешімдерді іздеуге бағытталған. Бұл жоба әділ қала қағидасын, жайлы ортада өмір сүру құқығын негіз етіп, шағын өзгерістер өмір сапасына қалай әсер ететін талқылайды.