Абак Керей-Шубарайгыр-Шежiре той

Абак Керей-Шубарайгыр-Шежiре той Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Абак Керей-Шубарайгыр-Шежiре той, Ulaanbaatar.

22/03/2021

Шыбарайғыр руы 14 ке бөлінеді осы руларды үлкен жағынан жеке - жеке қысқаша тарату :
1.Қабылдан :
Абдырас
Жарас
Аралбай
Ырысбай
Өтеп
2.балтадан :
Құтымбет
Айтымбет
Мұрынбет
3.Кәлпеден :
Әзберген
Құлжан
Құлшығаш
Орман
Тотығұс
Бітібай
Сары
4.Қанымбикеден :
Алманбет
Байменбет
Тоқпанбет
5.Бөлектен :
Бекберді
Көрпебай
Байыс
Райыс(Жолдыбай)
6.Саркөзден :
Бименбет
Деріпсал
Тасболат
Байжігіт
Жанболат
Малтабар
7.Қызылқұрттан :
Тәттікелді
Тәңірберді
8.Мұраттан :
Тоқсаба
Тоқсанкелді.
9.Тоғызақтан :
Жылқайдар
Айтуған
10.Бәйбішеден :
Байтайлақ
Қалыбай
Малкелді
Тоқбура
Ертісбай (кенже)
11.Байбурадан :
Көшебай
Төлен
Қоңқа
Кенен
Кенбай
Мәті
12.Жүзіктен :
Шындәулет
Жандәулет
Ырыстанбет
Бөгенбай
Меңдібай
Кенжебай
Қазақбай
13.Қаржау - Бөртеден :
Жанғабыл
Кілтбай
Серке
Бозтал
Арқамыс
Нарқамыс
Досақ
14.Байкісіден :
Байұзақ
Жанұзақ
Тоқтан
Құл
Сарымсақ
Қарымсақ
Мәмбетай
Бөтей
Көрпетай
Қант
Қаби
Бүкіл шыбарайғыр ұрпақтары біліп жүріңдер ..2020 жыл 4 -- мамыр
Мұрал Жұмақанұлы

 # #КЕНЕЕСАР РАХМЕТЖАН ҰЛЫ /1940-2012/Азаншы_ата_және_ЖұмаМонғол елінің астанасы Улаанбаатарға жақын аз ғана қазақ шоғыр...
18/03/2020

# #
КЕНЕЕСАР РАХМЕТЖАН ҰЛЫ /1940-2012/

Азаншы_ата_және_Жұма
Монғол елінің астанасы Улаанбаатарға жақын аз ғана қазақ шоғырланған бір ауыл бар. Бұл ауылда күн шығысымен жарысып ұйқыдан оянатын аз қарттардың бірі Азаншы ата. Азаншы ата әр таңда ұйқыдан тұрып дәретін алған соң дереу басына ақ тақиясын киіп, оның сыртынан қазақ пұшпақ тымағын қоя сала қазақ қара шапанының түймелерін апыл-ғұпыл іле салып үйінен асыға шығуда. Таң намазының азанын оқуға асыққаны ғой қарт атаның.
Көше бойы қараңғы. Қыстың ұзын түні әлі біте бермегенде таң атуына аз қалған. Далада ауылдың әрбір шетінен иттің үрген дауысы және де қарт атаның сықырлаған аяқ дыбысынан басқа еш дыбыс жоқ. Осылайша қарт ата мешітке келеді. "Бисмилләәһиррахмәәниррахиим" деп мешіттің есігін ашып "Ассалаумағалейкум" деп ішке сәлем береді. Мешіттің ішінде ешкім болмаса да періштелер сәлемімді қабыл алады деген ниетімен сәлем бергені ғой...Мешіттің төрінде азан айтылатын микрофон көрінеді. Азаншы ата мешіттің есігінен кіргеннен микрофон тұрған жерге жеткенге дейін Алланы мадақтап, Пайғамбарға салауат айта барады. Микрофонға жеткеннен кейін оны қосып, екі алақанының артына дүниелік ойдың барлығын жиып тұрып арқаға лақтырады да қолдарын құлақ тұсына қойып азанын айта бастайды.
"Аллааһу Әкбар - Аллааһу Әкбар" деп Алланы ұлықтаумен басталған бұл азанның дауысы өзі бір қасиетті де киелі. Ал Азаншы атаның азан мақамы мүлдем ерекше. Қарт атаның дауысына мақамы сай деуге болады. Азаншы атаның мақамын біз "керей мақамы" деуші едік...
Бұлайша дүниені күн сәулесі жарықтандырса,
Азаншы ата бұл ауылды керемет азанымен нұрландыратын еді. Азанын айтып болғаннан кейін дұғасын жасап жамағатты күтеді. Өкінішке орай намазға асыға келетін адамның саны бұл ауылда өте аз. Көбінде намазын жалғыз қылады. Егер намазға біреу келсе, үлкен болсын кіші болсын қуана-қуана қарсы алады. Азаншы ата таң намазын қылып болған соң мешіттің айналасын сыпырып тазалап үйіне қайтады...Дастархан басында немере-шөберелерін жиып бірге отырып әруақтарға Құран бағыштайтын еді. Таңғы асты ішіп болған соң қайта мешітке оралады. Өйткені бүгін күндердің сұлтаны Жұма күні болғандықтан мешітке келіп Құран бағыштатушылар және садақа берушілер саны көп болады.
Азаншы ата әр келген кісіге "Бүгін күндердің сұлтаны Жұма ғой...Біраздан Жұма намазы оқылады, намазға қатысып кетіңіздер" деп насихаттауда. Тағы да көшеде кездескен үлкен-кіші болсын барлығын Жұмаға шақырумен әлек болады. Бірақ тыңдар құлақ, атаны түсінер ақылды аз еді...Жұма намазына келген әркімді қуана-қуана қарсы алып, өткен Жұмаға келген адам бүгінгі Жұмаға келмей қалса "неге келмей қалды екен" деп алаңдап іздеуші еді. Жұма намазынан кейін әркімді құттықтап, келесі Жұмаға міндетті түрде кел қарағым деп қимай қоштасатын. Кейбіреулерін екінті намазына дейін жанына алып қалады да, екінті намазын жамағатпен бірге қылатын. Ал ақшам намазында болса азанын оқыған соң жамағатты күте-күте соңында өзі жалғыз намазын қылып, мешіттің жамағатқа толы болуын шын жүректен тілеп дұға қылатын. Азаншы ата келесі Жұманы асыға күтуде. Тіпті келесі Жұмаға адамдарды шақыруын бүгінгі Жұмадан бастайтын еді....
-------------------------------------------------------
Осындай бір Азаншы атамыз болған еді. Кімнің есінде бар кімнің есінде жоқ...Ал мен үшін Азаншы атаның жарқын бейнесі мәңгі жүрегімде қалады...
Мен де Азаншы ата секілді сіздерді Қасиетті Жұма күнімен құттықтаймын және Жұма намазына шақырамын. Азаншы атаның бейнесі де өзі де төменде көрсетілген суреттегі ардақты дана Шәкәрім Құдайбердіұлы атамызға қатты ұқсайды. Азаншы атамыздың жаны Жәннатта болып, топырағы торқа болсын. Азаншы атамыз үшін Құран бағыштап дұға етулеріңізді өтінемін. Баршамызға Жұма мүбарак болсын!!! Әмин!
Уатқан Елтайұлы.

29/09/2019

ЧЕЖІРЭ ТОЙ ЕСТЕЛІГ ҚУЛПЫ ТАСТАРЫ...

29/09/2019

ЧЕЖІРЕ ТОЙ ЕСТЕЛІГ ҚУЛПЫ ТАСТАРЫ...

АБАK KЕРЕЙ-ЖАДIK РУНЫН ЧЕЖIРЕ ТОЙ БАСТАЛДЫ...налайх.монголиа...2019.08.03
03/08/2019

АБАK KЕРЕЙ-ЖАДIK РУНЫН ЧЕЖIРЕ ТОЙ БАСТАЛДЫ...
налайх.монголиа...2019.08.03

24/07/2019
KАШKЫНБАЙ МАЛИK УЛЫ/1918-1986 /
21/07/2019

KАШKЫНБАЙ МАЛИK УЛЫ
/1918-1986 /

30/12/2018

Address

Ulaanbaatar
976

Telephone

88679025

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Абак Керей-Шубарайгыр-Шежiре той posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share